Гостиницы в Алматы
2017-05-06 17:24:42 127 0

Ақтөбенің жас натуралистері Димаш Құдайбергеновке арнап 50 түп алма ағашын отырғызды. Енді олар алма бағын Димаш Құдайбергеновтың атымен атамақшы.

Тіпті кішкентай бүлдіршендердің өзі келіп, көшет отырғызған.  Бұл жайында «31» арнадан айтылды.  “Осы баққа біздер Димаш Құдайбергеновтің атын береміз. Және біздер осы жерге бір орынды алып қойдық. Оған Димаш елімізге келгенде ата-анасымен, ата- әжесімен шақырып, бір көшетті өзінің қолымен отырғызып берсе деген біздің арманымыз бар”, – дейді Ақтөбе қалалық жас натуралистер стансасының директоры Мәншүк Жетпісова.

Пікір жазу