Гостиницы в Алматы
2017-04-28 11:56:40 114 0

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын, Иранның астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалі өтеді деп хабарлаған болатынбыз.

Сәбит Құрманбековтың режиссерлігімен түсірілген «Оралман» фильмі шетелдік фильмдер арасынан топ жарып, Бас жүлдені – «Азияның үздік фильмі» жүлдесін жеңіп алды. Бұл жайында baq.kz хабарлады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген аталмыш фильм осы фестивальдің «Шығыс Панорамасы» секциясында 12 елден келіп түскен 15 толықметражды картинамен бақ сынасқан.

«Оралман» фильмі туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жыл өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды. Бас кейіпкер Базарбай қарттың бір қызы мен ұлы сол жақта дүниеге келеді. Балалары есейіп, отбасын құрады. Ұлы Сапарқұл жергілікті пуштун ұлтынан келіншек алады. Ал қызы ауған жігітіне тұрмысқа шығады. Сапарқұл соғыс кезінде моджахеттер жағында соғысады. Жылдар өтеді. Базарбайдың отбасы Қазақстанға көшуге рұқсат беретін квота алады. Барлығы жолға жиналады.

Фильмге Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Ержан Түсіпов, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева сынды қазақстандық танымал актерлер түскен.

Пікір жазу