Гостиницы в Алматы
2016-02-19 13:56:15 1068 0

"Қазақ аруы" сұлулық байқауына қатысушы қыздардың тізімі мен суреттері жарияланды, деп хабарлайды Baistars.kz. Айта кетейік, үміткерлер Алматы және Астана қалаларынан кастинг арқылы таңдалып алынған болатын. Ұйымдастырушысы - танымал продюсер Баян Есентаева.

Кастингке қатысушы қыздарға қойылатын басты талап - қазақ тілін жетік меңгергендігі, бойы мен шашының ұзындығы болған. Сонымен қатар, "Қазақ аруы" атағына үміткер қыз өнерден құралақан болмауы тиіс, қазақ халқының тарихынан, салт-дәстүрінен хабардар болғаны құпталады.

Назарларыңызда ақтық сынға жолдама алған 21 қызбен таныс болыңыз.

Азиза Жалмұханова, 20 жас, Ақтөбе қаласы және Феруза Ахматқызы, 21 жас, Ақмола облысы

Назым Темірғазыева 17 жас, Шығыс Қазақстан облысы және Арайлым Қадырбаева, 16 жас, Ақтөбе қаласы

Майнұр Омархан, 20 жас, Жамбыл облысы және Аяулым Макұмова, 22 жас, Астана қаласы.

Қазына Әбдірахман, 22 жас, Оңтүстік Қазақстан облысы және Нәзира Әйтекенова, 19 жас, Ақтау қаласы

Жанерке Асланбек, 22 жас, Маңғыстау облысы және Арайлым Әкімәлі, 18 жас, Қызылорда облысы

Гүлімай Оразбек, 21 жас, Қарағанды облысы және Жасмин Әбдірайымова,17 жас, Оңтүстік Қазақстан облысы

Альмира Ахат, 19 жас, Атырау қаласы және Майра Райбай, 16 жас, Алматы қаласы

Айкүн Мәкешева, 21 жас, Шығыс Қазақстан облысы және Алма Рымжан, 21 жас, Қарағанды облысы

Айзат Кожабаева, 20 жас, Павлодар облысы және Ғайша Дабылова, 21 жас, Жамбыл облысы

Айжан Байкен, 18 жас, Астана қаласы және Қарагөз Жүрсин, 20 жас, Алматы облысы

Сәбина Теңбай, 18 жас, Астана қаласы.

Айта кетейік, былтыр "Қазақ аруы-2015" байқауын Павлодар облысының тумасы Кәмшат Қоскелова жеңіп алды. Ол алтын тәж бен автомобильге ие болды. Қазір ару телевидениеде бағын сынап жүр. Ал оның алдында жеңіске жеткен Гүлназ Жоланова бірнеше телехикаяға түсті.

Пікір жазу