Гостиницы в Алматы
2017-07-11 12:52:43 142 0

Бұл жайында әнші «Түнгі студия» бағдарламасында айтты.

“Алғаш рет Қызылорда қаласында жеке шығармашылық кеш өткізген болатынмын. Жанар есімді әйел адам қоңырау шалып, Спорт кешенінде менің шығармашылық кешімді өткізгілері келетіндерін айтты. “Ұшаққа билет алып береміз және 600 доллар қаламақы ұсынамыз” деді. Сол сәтте жүрегім тоқтап қала жаздады. Оның үстіне өзім қарапайым дәмханада музыкашы болып жұмыс істеп жүрген болатынмын. Анашым да менің айтқандарыма көпке дейін сене алмай жүрді.Өзімде 6 ән ғана бар.  Ақыры Қызылорда қаласындағы кешімде “Арман” әнін 10 рет айтып, тағы 3-4 ән орындап, жеке шығармашылық кешімді өткіздім. Мені ең бірінші қолдап, көтерген Қызылорда облысы болатын”, – дейді Қайрат Нұртас.

Пікір жазу