Гостиницы в Алматы
2017-07-11 15:15:39 129 0

Енді Димаш Құдайбергеннің атындағы ұшақтар жарыққа шығады. Бұл жайында Димаштың менеджері Алпамыс Шәрімов хабарлады. Ол «TianDao компаниясы Eastern company-мен бірге жеке тапсырысқа ұшақ шығаратын болды! Бұл ұшақ "Moonlight blade" онлайн ойыны желісіне арналмақ. Димаш осы ойынға "Уақыт-теңіз" атты саундтрек жазған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан Пекинге орындайтын аталмыш ұшақта Димаштың бейнесі бейнеленетін болады. Үлкен әуе кемесі енді Димаштың атымен брендке айналмақ!!! Барша Димаштың жанкүйерлеріне, Dears, құтты болсын!!!”- деп жазды өз парақшасында.

Пікір жазу