Гостиницы в Алматы
2016-04-06 09:45:06 264 2

Өмірқұл Айниязов 1 млн теңгеге ішік сатып алды

Дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов "Jado" сән үйінен 1 млн теңгеге ішік сатып алды, деп хабарлайды Baistars.kz. Концерттік костюмдерін үлкен талғаммен таңдайтын Айниязов "Jado" сән үйі ұйымдастырған жеңілдіктер маусымында бағалы ішікке ғашық болып, екі ән сатып аламын деп жүрген ақшасына ішік алған.

Ішік екі түлкінің терісінен тігілген. Терілер сонау Канададан әкелінген. Сәнгер Жадыра Сахиеваның топтамасындағы бұл соңғы бағалы ішік болған. Көзінің қарашығындай сақтап жүрген сангер бұл ішікті досы Өмірқұл Айниязовқа арзанға түсіріп берген болып шықты.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Өмірқұл Айниязов продюсер атанып, қол астына алған дуэтке ат қойып беруді сұраған болатын. Ұсынылған көп аттардың ішінен "Сейхун" деген атауды таңдаған. Енді әнші "Сейхун" тобының көпшілікке танылуына атсалысып жүр.

ctq

7182922a-6fb6-47a0-a225-735cbdb80c70

Пікірлер

  • Guljan 2016-04-06 14:13:09
    1 млн.тенгеге бир адамнын омирин куткарар единиз ширкин! Менин колымда сондай акша болса омир есигин аша сала Алла сынга алган ауру сабилердин омирин куткарар едим. Олар ШЫРЫЛДАП АКША ИЗДЕП КУНДЕРИН,САГАТТАРЫН САНАУДА...Ал кейбиреулер 1 млн.га шуба алып гардеробтагы киимдерин санауда...оте окиништи!...
  • Индира&Индира 2016-04-06 16:38:44
    Неге осыншама акшага бир ак киім алады,кызык,соны ешким тексерипте карамайдыго тулкіме деп.арзан ари сәнді етип тіктіртуге де болмай ма екен.Кайда кетип жаткан акша,1млн біреулерге армангой

Пікір жазу