Гостиницы в Алматы
2017-05-08 11:28:06 21 0

 Петропавлда киокушинкай каратэден өтіп жатқан «Солтүстік Барысы» облыстық ашық чемпионатына келген елордалық спортшылар астан уланып қалды.

Оқиға қаладағы «Айналайын» деген асханада болған. Бұл жайында alzhan.kz хабарлады. Кешкі астарын ішкен каратэшілерді ұзамай жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен.

«Бүкілқазақстандық киокушинкай-каратэ ұйымы» РҚБ СҚОФ президенті, жарыс ұйымдастырушы Владимир Витченконый айтуынша, елордалық спортшылар Петропавлға сайысқа келсе, дәстүрлі түрде нақ осы асханадан тамақ ішеді екен. Бұған дейін осы секілді мәселе туындамаған. Ауруханаға түскен балаларды толыққан тексерген дәрігерлер инфекциялық вирустың жоқтығын алға тартқан. Қазіргі таңда жауапты қызметтер асханада тексеріс жүргізуде. Сараптамалардың қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады.

 

Пікір жазу