Жаңалықтар

Батырхан Шүкеновтың баласы Нью-Йоркте өткен әкесінің еске алу кешіне барды

Нью-Йоркте әнші, композитор Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті.

ҚР Мәдениет қайраткері Шүкенов БҰҰ Балалар қорының ерікті елшісі болды. Ол көзі тірі кезінде  бұл қалаға  жиі барған және БҰҰ штаб-пәтеріндегі іс-шараларға қатысып тұрған. Сондықтан достары мен туыстары еске алу кешін Нью-Йоркте өткізді.

Қазір  әншінің ұлы Мақсұт анасымен бірге Флорида қаласында, ал  ұстазы Владимир Заславский Нью-Джерсиде тұрады. Сонымен бірге АҚШ,  Лос-Анджелес, Вашингтонда да оның көптеген достары бар. Олардың барлығы еске алу кешіне жиналды.

Әншінің Америкакадағы  тыңдармандары мен Қазақстандағы әріптестері Батырхан Шүкеновтің қапыда болған қазасына әлі де қайғыруда. Кеш барысында қазақстандық Жанна Орынбасарова, Алтынай Сапарғалиева  әншінің «Джилия», «Твои шаги», «Нелюбимая» сынды әндерін шырқағанда жиналғандар көздеріне жас алды.

«Батырдың қазасы мен үшін ауыр тиді. Өмірімнің бір бөлшегінен айырылғандай болдым. Бірақ екеуміз біраз уақық бірге жұмыс жасадық. Сондықтан өзімді бақытты адаммын деп есептеймін. Біз бірге гастролдік сапарларға, түрлі байқауларға барғанбыз. Ол жұлдыз болған кезінде де өзгерген емес«,- деп еске алды  ұстазы Владимир Заславский.

«Батыр әлем адамы болды. Қазір ортамызда оның жоқтығы білінеді. Бірақ жүрегімізде мәңгі қалады. Оның әндерін ешқашан ұмытпаймыз«, — деді өз кезегінде Жанна Орынбасарова.

pogudx3sbngj6vglcg.4a15942d I0DPQlLUlww

HuP6BGt-8eI

gVEzrRXkzeU

 

 

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_54015

Бокстан əлем чемпионы Біржан Жақыпов Рио Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды

54 рет оқылды11.07.2015
603fdbf6750e57deea464d4821e6b628

«Тақиялы періште 2″ фильміне актер керек

155 рет оқылды10.07.2015
загруженное-15

Бейбіт Шүменов WBA бойынша ТОП-15 рейтингінде көш бастап тұр

273 рет оқылды10.07.2015
61EWSDTBVP8

Ринат Зайытов: «Менің құдай берген жалғыз мемлекетім бар!»

808 рет оқылды10.07.2015
1594

Жамбыл облысының әкімі Бейбіт Ыстыбаевқа автокөлік кілтін тапсырды

351 рет оқылды10.07.2015
unnamed (1)

«Bala Turkvizyon Қазақстан» байқауында Алматы қаласының намысын қорғайтын жеңімпаздар анықталды

147 рет оқылды10.07.2015