Шоу-бизнес

Серікболдың концертінде өрт шықты

Халыққа тегін өнер көрсетіп жүрген әнші Серікбол Сайлаубектің Есік қаласында берген концертінде өрт шықты.

Осы орайда мәселің мән-жайын әншінің PR-менеджері Ринат Тәттібайдан сұрап, толығырақ білген едік.

Серікбол 24 шілде күні Есік қаласының орталық алаңында тегін концерт берген болатын.  Оның әрбір кешінен соң міндетті түрде отшашу атылады. Сол күні отшашу дұрыс атылмай, алаң жанындағы бір үйдің шөп жиналған қорасына түсіп кетіп, өрт шыққан.  Бірақ, барлығы дер кезінде өшіріп үлгерген. Алла сақтап, зардап шеккен адам жоқ. Отшашуға Серікболдың Шыңғыс деген інісі жауапты болған.  Үй иесі түсініп, ұйымдастырушыларды кешірді. Осы оқиғадан кейін Серікбол қатты қорқып қалғанын және кеш берудің оңай емес екенін айтып отыр.  Бұл оның гастрольдік сапар кезіндегі екінші сәтсіз оқиғасы болды. Осының алдында Топар ауылында болған концерттен кейін әріптестері ұмытып кетіп, түнде 30 км  жаяу жүруіне тура келген. Олар әрбір кештен соң уақыттың тығыздығына байланысты асығып, тездетіп шығуға тырысады. Сол кезде жанындағылар  оның жанкүйерлерімен суретке түсіп жатқанын байқамай, қалдырып кеткен. Міне, осындай жағдайлар болды. Дегенмен, ол жылдың соңына дейін елімізді аралап шығуды жоспарлап отыр. Бүгінгі Шамалғанда болған концертіне 3000 адам келіпті”,- дейді Ринат Тәттібай болған оқиғаға байланысты.

Біз әншіге алда сәттілік серік болсын дегіміз келеді.

rDRXJ-B5RQE

4Gl_S_qOZKM

KsRt2irfZHQ

32nIHqvPStc

igETz7twF1s

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

AH1Z8336

«BalaTurkvizyon» Халықаралық балалар әні байқауының Алматы облысы бойынша жартылай финалисті анықталды

95 рет оқылды09.08.2015
20150808020227

Абайдың 170 жылдығына арналған ақындар айтысының жеңімпазы анықталды

232 рет оқылды08.08.2015
bCijGo4pSD8

“Х-фактор” жобасының жеңімпазы науқас баланың операциясын төлеп берді

302 рет оқылды07.08.2015
l4QNWhuGLcM

Мақпал Исабекова жаңа бейнебаян түсіреді

450 рет оқылды06.08.2015
FKaUZ8LTIZA

Кәмшат Жолдыбаеваның махаббат дастаны

1 135 рет оқылды06.08.2015
A79qPuzyxfs

Ерболат Беделхан жаңа топ құрды

536 рет оқылды06.08.2015