Ақын Серікзат Дүйсенғазин Мейрамбекке арнап жыр шумақтарын жазған.
«Ал, досым, құтты болсын келген қырық,
Құдайым саған бәрін берген біліп.
Ойыңда қазағыңның ұлы өнері,
Бойыңда тектілік пен көргенділік.
Тілегім ұрпағыңның қызығын көр,
Адамның көңілінде сөнген бе үміт?
Жүрегің «Бозторғай» деп ән сап тұрсын,
Тоқсанды қарсы алғанда төрден күліп!» - деп жазды ақын парақшасына.
Ал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева болса осыдан 22 жыл бұрынғы Мейрамбектің туған күніндегі естелік суретті жариялады.
«Бұл 1994-тің күзі еді. Осыдан 22 жыл бұрын болған Мейрамбектің туған күнінен естелік. Сурет, пото, сүгірет, кəртішке... Мейрамбек төрде отырды. Төбелерінде мақтамен жазылған 18 жас деген жазу болатын. Ардақ «Тырналар» əнін мен бір термемді арнап, Алма Кененнің «Базар-Назарын» айтты. Графинде «Юпи», сүйікті согымыз болатын. Колбаса да «халал» деген жазу болмайтын. Туған күн жақсы өтті. О кезде түбiт мұрттары тебiндеп келе жатқан, қазаққа танымал достарым, карашада, 18 жасын тойлаған едi. Алматыда студенттiк өмiрiмiздегі қыз болып, тұңғыш вечерге барган едiк. Ұлан-асыр той болмаса да, кеуілде, тамаша туған күн болды. Сəбит пен Жанатбек тамада болган, квартираға сыятын, асыр-тасыр той болды. Биыл 22 жыл толыпты, көңiл деген қартаймайтын көк дөненге мiнiп, тарта берiңдер. Туған куніңмен, Мейрамбек! Көңілл сол қалпында, еш өзгеріссіз. 40-тың қырқасына шығып,елуді еңсеріп, алпысты алқымдап, жетпістің желкесіне мініп, сексенде селкілдеген шал болып, тоқсанда тоңқалаң аспай, жүзге жеткенде, 99 жасымда жаназаңа барсам арман жоқ шығар...» - деп жазды әнші Инстаграмдағы парақшасында.
Сондай-ақ Нұркен Әшіров, Шахаризат Сейдахмет, т.б. әншілер құттықтауын жолдауда.