Гостиницы в Алматы
2016-02-12 15:09:58 751 0

Танымал дизайнер Жадыра Сахиева (Jado) үнемді шоппинг жасаудың амалдарын айтты, деп хабарлайды Baistars.kz. «Қаражатты үнемдеудің басты амалы - қыздардың өзі пішіп, тіккені жөн. Егер тігу мүлде қолдан келмейтін болса, онда дүкеннен қарапайым көйлек сатып алып, түрлі орамалдармен, аксессуарлармен, тіпті сөмкемен де сәндеуге болады. Бір көйлекті көп кие алмаймыз ғой. Сондықтан бір түсті көйлек алып, оны әртүрлі орамалдармен киген дұрыс» - дейді дизайнер.

Сонымен қатар, 2016 жылы қандай киімдер сәнде болатынын айта кетті: «Мешін жылы болғандықтан қоңырқай, ашық, ақ, қара түстер сәнде. Аксессуарлар, терілер, қарапайым көйлек болып жатса, терімен, әшекеймен безендіріп жіберсе болады».

Өз кезегімізде кішкентай қара көйлекті сәндеудің бірнеше амалдарын көрсететін видеоны ұсынамыз:

Пікір жазу