Гостиницы в Алматы
2015-02-27 02:50:51 5588 2

2015 жылға арналған той көйлектерінің көрсетілімі аяқталды, сондықтан біз осы жылғы сән әлеміндегі жаңа тенденциялар туралы әңгімелейтін боламыз.

Әйелдер жыл сайын жаңа үлгідегі көйлектерді асыға күтеді. Әрине, өз ойыңдағыдай көйлек табу оңай емес,алайда дизайнерлер жыл бойы жаңа идеялар іздеп нәзік жанжыларды таңғалдырудан танған емес.

2015 жылғы сән көрсетілімінде қандай той көйлектері назарға ілікті?

Біріншіден, жаңа түстер. Осы жылы бізге үйреншікті ақ түс қана емес сонымен қатар көк, сұр, күлгін түсті той көйлектері көрсетілді.

Алтын тастармен безендірілген көйлектер де осы жылдың басты трендіне айналды. Той көйлектеріне ерекше шарм береді.

 

Қарапайым көйлектерді ұнататын әйелдер үшін дизайнерлер ұстанымды қысқа көйлектерді ұсынады. Қысқа той көйлектерін өзгеден ерекшеленгісі  келетін әйелдер алып жатады.

 

 

 

Тағы бір тенденция  Crop top. Бұл той көйлектің дизайні алдыңғы жылдан бері танымал және сән әлемінде өз орнын сақтап тұр. Қысқа үстіңгі киім мен ұзын белдемше батыл қалындықтарға арналған бірден-бір тренд.

 

 

Тағы бір танымал дизайн көйлек трасформер. Яғни сүйреткі немесе үстіңгі белдемшенің шешілуі қалыңдыққа екі түрлі үлгіде болуына мүмкіндік береді.

 

 

 

Әрине, әр қалындық үшін өз арманындағыдай көйлек табу оңай емес. Бастысы, сән әлемінен хабардар бола отырып, өз жүректеріңізге жақын көйлек таңдағандарыңыз жөн...

 

Пікірлер

  • Молдир
    ақ түс ешқашан сәннен кетпейди.оз басым мына койлектерди кимес едим тегин берсе де
  • Асылайым анарқұл
    Орташа

Пікір жазу