Гостиницы в Алматы
2014-12-16 21:48:12 2204 2

Бүгін 6-желтоқсан күні басталған «16-желтоқсан — Тәуелсіздік күніне» арнап BaiStars.kz ұжымы мен AssylMura қазақы киіз өнерін дәріптейтін отандық бренд біріге отырып ұйымдастырған ұлттық киімдер фото-байқауы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Дауыс беру нәтижесінде Жанат Бақыт (КТК жаңалықтар қызметінің жүргізушісі) 3 015 дауыс (40%) басымдылықпен бірінші орынды алды. Мөлдір Әуелбекова 1 620 дауыспен (21%) екінші орынды иеленді. Гүлназ Ауданбаева 1 002 дауыспен (13%) үшінші орынға орналасты.

Байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі бүгін сағат 14:00 де Алматы қаласы, «Pizza Grill» пиццериясында өтті. Жеңімпаздарды «Baistars» сайты мен «AssylMura» брендінің ұжымының өкілдері келіп, арнайы сыйлықтарымен марапаттады. 1-орын иегеріне «AssylMura» брендінің киізден жасалған, бағасы 100 мың теңгелік эксклюзив жакеті, 2-орынға киізден жасалған ұлттық белбеу (корсет), 3-орын иегеріне киізден жасалған мойын орамал мен арнайы дипломдар табыс етілді.

Байқаудың басты жеңімпазы Жанат Бақыт өз кезегінде «BaiStars» сайты мен «AssylMura» брендінің ұжымына шексіз алғысын білдірді.

«Сайыс болмай тұрып-ақ Assylmura-ның пиджагына ғашық болған ем. "BaiStars" сайты мен "AssylMura" ұжымының арқасында осы сыйға ие болдым! Бұл пиджакты кигеніме өте қуаныштымын! Таза киізден қолдан илеп жасалған керемет пиджак екен! Рақмет, тағы да және сіздермен танысқаныма қуаныштымын! Болашақта осындай байқауларды қалт жібермейік. Қазіргі заманда сайыстардың әділ өтетініне күмәнмен қарайсың ғой, ал бұл дода әділ өтті. Ең бастысы, сайыстың арқасында жанашыр достарым да көбейді»,- деп Жанат ханым өзінің әсерімен бөлісті.

Жанат Бақыт 1984 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Мамандығы – филолог. 10 жылдан бері жаңалықтар жүргізушісі ретінде көпшілікке танымал. 2004 жылы «Хабар» арнасындағы «Алтыбақан» бағдарламасының жүргізушісі. 2005 жылы «Нтк» арнасындағы «Соңғы ақпараттарда» диктор қызметін атқарды. 2006 жылдан бері «КТК» арнасында жаңалықтар жүргізіп келеді. «Ана тілі» аруы байқауының жеңімпазы, «Аңызға айналған Анджелина» атты кітаптың авторы. Бос уақытында өлең, новелла, эсса жазғанды жақсы көреді. Аяулы жар, екі баланың анасы. Өмірлік ұстанымы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей».

Байқаудың негізгі мақсаты мен көздегені қымбат жакет емес, Тәуелсіздік күніне орай қазақ халқының ұлттық нақыштағы, нағыз қазақтың  ою-өрнегін, ата-бабамыздың ертеден келе жатқан ұлттық киімін насихаттау еді. Осы орайда, өзінің нағыз ұлтжанды қазақтың аруы екендегін дәлелдеп байқауымызға атсалысып, бағын сынаған барлық аруларымызға алғысымыз шексіз. Болашақта қазағымыздың осындай арулары бұдан да көп болар деген сенімдеміз!

Байқау сыйлықтары

3-орын иегерінің сыйлығы

 

2-орын иегерінің сыйлығы

1-орын иегері Жанат Бақыт байқаудың басты сыйлығы-жакетте

 

Baistars сайтының мен Assylmura брендінің ұжымы байқау жеңімпазы Жанат Бақытпен

Данияр Тәжімбет, Аида Жұмағали, Жанат Бақыт,Қажытаева Эльвира, Асхат Садырбай (Солдан оңға қарай)

 

Марапаттаудан кейін

 

Марапаттаудан кейін

 

Эльвира ханым мен Жанат ханым

Жанат Бақыт

Пікірлер

  • Шара
    Корытындыга тан калып отырмын! Алтынай Жорабаева бірінші орында келе жатыр еді гой, 70 % бен!
  • Аруна
    Жорабаеваң бір пайыздан аспаған

Пікір жазу