Гостиницы в Алматы
2014-11-20 04:48:54 1156 0

Сәкен Майғазиев

Сәкен Майғазиев Қордабайұлы (1 қаңтар 1975 жылы ОҚО, Созақ ауданында туған) — «МузАРТ» тобының әншісі, тележүргізуші, продюсер.

Өмірбаяны

Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997 ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.

2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды.

Шығармашылығы

Әнші 2009 ж. Екі жұлдыз жобасында актриса Әйгерім Жаңылбаевамен бірге қатысып, бағдарламаның келесі маусымында жүргізуші қызметін атқарған. Сонымен қатар «Әйгөлек» балалар байқауында жас таланттарға қолдау көрсетіп, сахнада олармен бірге дуэт дайындауға ат салысып жүрген жұлдыздардың бірі.

Жеке өмірі

Үйленген, 1 ұлы және 1 қызы бар. Жұбайының есімі – Динара, ұлы - Әділет 1998 жылы, қызы - Райана 2013 жылы дүниеге келген.

Марапаттары

1996 ж. Тараз қаласында өткен Ш. Қалдаяқов атындағы Халықаралық фестивальдің дипломанты.

1997 ж. Республикалық Жас қанат байқауының «Алтын домбыра» иегері.

1998 ж. Алматы – 98 фестивалінің 1–ші орын лауреаты.

Пікір жазу