Гостиницы в Алматы
2017-04-25 18:13:19 156 0

Былтырғы жылы қызы Әйгерімді Жалғасбек Қасымов есімді таэквондошыға ұзатқан Нұрлан Еспанов осыдан біраз уақыт бұрын жиенді болған еді.

«Ерте үйленсең, ерте немерелі боласың. Ата атансам да, оның әсерін толық сезіне алмай жүрмін. Әдетте барлығы баланың тілі шыға бастаған кезде басталады. «Ата» деген сөзді естіген кезде сезінеміз бе деп жүрмін. Қуанышымда шек жоқ. Барлығына осы бақыт жұғысты болсын деймін. Барша қазаққа, қазақ жұлдыздарына жұғысты болғанын қалаймын», – деді әнші «КТК» арнасының «Инсталайық» бағдарламасында.

Нұрлан Еспанов немересінің есімін өзі қойыпты. Мұнымен қатар, жуырда бесік тойдың болатынын айтып қалды. «Қызымның ұлын Әлихан деп қойдық. Алдағы уақытта тағы да бір тойға барғалы жатырмыз. Осы бесік той барлығына жұғысты болсын», – деді өз сөзінде.

Пікір жазу