Гостиницы в Алматы
2014-08-17 10:23:55 1970 0

Адамның терісі жасы ұлғайған сайын өз формасын жоғалтып, жиетеріне әжім түсе бастайды. Сол себепті қазірден бастап күтім жасауды қолға алу керек. Еріннің терісі жұқа әрі сезімтал болып келеді. Қоршаған орта әсерінен, желден, суықтан, ауа температурасының құрғақтығы мен адам бойында дәрумендердің жетіспеушілігінен ерін тез жарылып, терісі түлей бастайды.

Бізд күнделікті екі мезгіл бет терісін күтіп, ал ерінге көп мән бере бермейміз.

Еріннің үлбіреген әдемі қалпын сақтап қалу үшін бет терісімен қатар оған да күтім қажет. Кешке үйге келгеннен кейін еріндегі далапты міндетті түрде сүртіңіз. Ол үшін арнайы сұйықтықтарды қолданған дұрыс. Одан кейін ерінге қоректендіретін далап жағу керек. Ал ерінде ұзақ уақыт тұратын далаптан кейін арнайы крем қолданған жөн. Мұндайда көз айналасының нәзік терісіне арналған кремді қолдансаңыз болады. Жатардың алдында бет күтіміне кіріскен кезде ерінге де көп көңіл бөліңіз.

Кешкісін тіс жуғаннан кейін дымқыл тіс щеткасымен ерінге жайлап массаж жасаңыз. Сосын ерінге күнбағыс пен зәйтүн майын немесе бал жағып қоюды ұмытпаңыз. 7-8 минуттан соң оны сүртіп, ерінге арналған крем не бальзамды пайдаланыңыз.

Кейде ерінннің терісі түлеп, қандай қымбат далап алып жақсаңыз да әдемі көрінбей қалады. Сол себепті аптасына бір рет ерін терісін өлі клеткалардан арылту қажет. Ол үшін иісмай түріндегі пилинг немесе құрамында терідегі өлі клеткаларды тазартатын компоненті бар далапты қалың етіп жағып, біраздан соң саусақпен ерінді уқалау керек. Содан кейін жылы сумен шайып, ерінге арналған жұмсартқыш және қоректендіргіш кремді жағыңыз.

Ерінге арналған жаттығулар

Алдымен шамды үрлеп өшіру жаттығуын жасаймыз. Шамды үрлегендей еріндерді алға қарай шығарыңыз да 3-4 секундтан соң қалпына келтіріңіз. Осылайша 7-10 рет жасауыңыз қажет. Содан соң ауызға ауа толтырып, оны жайлап сыртқа шығару қажет. Мұны 10 рет қайталаңыз.

Одан кейін «а», «о», «у», «и»,  «ы» әріптерін бірінен кейін бірін жылдам айту керек. Бұл әріптерді 7-10 рет қайталап өту қажет.

Ұсақ-түйектер

Күніне 4-8 стаканға дейін су ішуді ұмытаңыз. Себебі теріге су өте қажет, оны сырттан ғана дымдау жеткіліксіз.

Далаға шығар алдында оның міндетті түрде гигиеналық далап жағуды ескеріңіз. Ерінді қорғайды әрі оған дымқылдық сыйлайды.

Қолыңыз босаған ерінге көк шай немесе балдан жасалған маска жасаудың орны бөлек. Масканы мақтаға сіңіріп, еппен ерінге жағып, 15-20 минуттан кейін жылы сумен шайып тастайды. Ал ерініңіз құрғақ және жарылған болса, масканың уақытын ұзартып, түнге қалдарыңыз.

Далап таңдаған кезде оның құрамындағы қоректендіргіш заттардың, мысалы шырғанақ (облепиха) сығындысы. Алоэ және А. В, С дәрумендердің болуына мән беріңіз.

Пікір жазу