Гостиницы в Алматы
2017-05-15 11:27:57 174 0

Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырағында көптен күткен сәби дүние есігін ашты. 4 ұлдан соң өмірге қызғалдақтай қыз келді.

 

Бұл жайында Қыдырәлі Болман: «Сүйінші, Қазақ Елі!  Жүрегім қуанышқа толып, Алла бере салған Бақыттың "іңгәсін" естіп, кішкене абдырап, түс көріп жатқан жоқпын ба десем, ояумын, қызық та қуанышты, өң мен түс араласып кеткендей, бақыттың "нокдаун"-нан😄 есеңгіреп қалғандай, ғажап бір хәлдемін...Бәріңізбен бөліскім келеді! Қазақтың шексіз Ұлы даласына жар салып, айқайлағым келеді! Сіздерге де осындай шексіз бақыт тілеймін! Аллаға сансыз мадақ айтамын! Мейірімді Алла берекесімен бергей! Жүрегiн иман нұрымен нұрландырып, өзін де,мінезін де көркімен, ұзақ ғұмырымен, баянды Бақытымен, өзінің сүйікті құлдарының қатарынан етіп, екі өмірдің абыройын нәсіп еткей!»- деп жазды.

Ал әншілердің өнердегі әріптестері Жанболат пен Жазира: «Көпке үлгі боларлық отбасында, қазақ өнерінде бәрімізде жүрек елжірететін үлкен қуаныш. Бақыттың атасы Болмановтар жанұясында. Сәбидің өмір жасы ұзақ болсын! Дені сау болсын! Анасындай ақылды, сұлу болсын!»- деп өз тілектестігін білдірсе,

Айнұр Тұрсынбаева: «Сүйінші,xалқым, сүйінші! Қыдырәлі Болманның шаңырағында көптен күткен ұлы той..! Үкілеген үмітті ақтап 4 ұлдан кейінгі қызғалдақтай қыз дүниеге келді... Біздің сіңіліміз жарық дүниеге келді... Аллаh ұлы!!!»,- деді.

Пікір жазу