Гостиницы в Алматы
2017-05-15 11:35:20 196 0

Қайрат Нұртас басты рөлде ойнайтын «Қалыңдық фильмі» күзде көрерменге жол тартпақ. Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова болса фильм арасында Қайраттың өміріне қатысы жоқ оқиғалар да болатынын ескертті. 

Қазіргі уақытта фильмнің 80%-ы түсіріліп болған. «Менің қызымды алып қашып кетеді. Жаңа оны іздеп келетін сәтті түсірдік. Артынша оны құтқарамын. Қазір өмірде не болмай жатыр?! Жастарға сабақ болсын деген оймен осы туындыны түсіріп жатырмыз. Жүсіпбек Елебеков колледжінде актерлік шеберліктен білім алғанмын. Сол себепті, сәтті шығады деген ойдамын. Өзім демеушілік етіп отырмын. Осылай болған дұрыс деп ойлаймын. Ешкімге тәуелді болмайсың. Аллаға шүкір, екі аяғым, екі қолым бар. Жұмыс істеп жатырмыз. Халықтың берекесі мен тілегінің арқасында табысқа кенеліп отырмыз», – дейді Қайрат Нұртас. Бұл жайында «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

Пікір жазу