Ал, үй жағдайында кірпікті ұзарту мүмкін бе? Әрине, тек уақытыңыз бен ниетіңіз болса болғаны. Үйде отырып, кірпікті өсірудің қандай жолдары бар деген сауалға жауап іздедік. Ең тиімдісі – кірпікке арналған маскалар болып шықты.
Кірпікке арналған маскалар:
Кірпікті қоректендіретін маска.
Майсана (кастор) майын – 1 ас қасық
Алое сығындысы – 1 шәй қасық
Е дәрумені (майлы ерітінді) – 4 тамшы
А дәрумені (майлы ерітінді) – 2 тамшы
Барлығын араластырып, күнде кешке кірпігіңізге жағыңыз. Масканы көздің шырышты қабатына түсіп кетпеуін қадағалаңыз. 15 мин. ұстап, құрғақ мақтамен сүртіп тастаңыз. Бір айдан кейін кірпігіңіздің қалыңдағанын байқайсыз.
Дәрумендермен нәрлендіретін маска
Балық майы(рыбий жир) – 1 шәй қасық
Е дәрумені – 3 тамшы
Зәйтүн майы(оливковое масло) – 3 тамшы
Барлығын араластырып, күнде кешке жағу керек. Масканы ыстық жерде сақтауға болмайды, құрамы бұзылады. Ең дұрысы таусылған тушьтың флаконын тастамай, жуып-шайып cоның ішінде сақтау .
Кірпіктерді ұзартуға арналған маска
Ошаған майы (репейное масло) – 1 шәй қасық
Вазелин - 1 шәй қасық
Коньяк – 1 шәй қасық
Кірпікті ұзартатын тағы бір тәсіл – компресс жасау.
Күнделікті маска жасауға уақытыңыз тапшы болса, компресс жасағаныңыз абзал. Компрессты емдік қасиеті бар шөптерден жасайды. Ең пайдалысы- түймедақ (ромашка), көктікен(василек), өгей шөп (мать и мачеха) және қырмызы (календула) шөптерінің тұнбасын дайындаймыз. Шөптік тұнбаға мақта дискілерін батырып алып, жұмылған көздердің үстіне 20 мин. қоямыз. Мақта дискілері қатты ылғал болуы керек, сонда әсерлі болады. Бұндай компрессты аптасына екі немесе бір рет жасап тұрсаңыз жеткілікті. Емдік қасиеті бар шөптер тек кірпіктің өсуін арттырмай, көздің астындағы қара дақтар мен ісіктерден де құтылуға көмектеседі.