Гостиницы в Алматы
2017-07-21 10:44:13 15 0

Режиссер Алексей Учитель “Цой” атты фильм түсіріп, онда музыканттың туыстары мен жақындары оның денесін Санкт-Петербургке дейін апарғанын көрсетпек. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Режиссердің айтуынша, ол картинаны Цойдың рөлін сомдауға тиісті актерсіз түсірмек. Фильмде әншінің денесін Санкт-Петербургке жақындары мен туыстарының қалай алып келгені көрсетіледі. Бұл ретте Цойды қағып өлтірген көлік жүргізушісі бас кейіпкер болады.

Фильмнің жалпы бюджет қоры 150 миллион рубльді құрайды. Бұған дейін режиссер Кирилл Серебренниковтың да музыкант Цой туралы кино түсіргелі жатқаны хабарланған еді. Картинада режиссер Цойдың жаңа альбомының шығатыны туралы көрсетпек екен.

“Серебренников түсіретін Цой оқиғасы – бұл 17 жастағы жігіттік кезі, ал біздікі өмірінің соңы. Демек, екі картина бір-бірімен байланысады”, – дейді Алексей Учитель.

Пікір жазу