Гостиницы в Алматы
2017-07-22 09:41:15 34 0

Астанаға келген әйгілі голливудтік актер Эдриан Броудиді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Астана әуежайының ВИП-терминалынан күтіп алған.

Бүгін, 22 шілде күні әлемдік киноның жұлдызы Николас Кейдж және Джон Малковичтермен бірге халықаралық “Евразия” кинофестивалін ашады. Эдриан Броуди Астанаға дейін 20 сағат ұшып келгенін айтады.

Актердің көмекшісінің айтуынша, Эдриан Астанаға төрт жыл бұрын да келген. Бірақ, ол кезде елордамен танысуға мүмкіндік болыпты. Ал осы жолғы шақыртуды актер қуана қабыл алған және Астанамен егжей-тегжейлі танысатынына қуанышты көрінеді.

Айта кетейік, Эдриан Броуди – танымал америкалық актер және кинопродюсер. 40-тан астам фильмге түсіп, “үздік актер” аталымы бойынша “Оскар” сыйлығын иеленген.

Пікір жазу