Гостиницы в Алматы
2016-12-08 17:28:14 19 0

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (AIBA) жылдың үздік боксшысы атағына үміткерлердің тізімін жариялады деп хабарлайды Baq.kz.

Олардың арасында Рио-де-Жанейро Олимпиадасының 3 чемпионы, атап айтқанда, қазақстандық Данияр Елеусінов (69 келіге дейін), Вэл Баркер кубогының иегері өзбекстандық Хасанбой Дусматов (49 келіге дейін) және кубалық Робейси Рамирес (52 келіге дейін) бар.

Vesti.kz порталының мәліметінше, дауыс беру AIBA-ның Твиттердегі ресми парақшасында өтеді, ол 9 желтоқсанда аяқталады. Отандасымыз Данияр Елеусіновке сілтеме арқылы дауыс беруге болады.

Пікір жазу