Гостиницы в Алматы
2017-08-11 12:53:28 62 0

ӘЙГІЛІ МАЙК ТАЙСОН АЛМАТЫҒА КЕЛЕДІ

Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон 1 желтоқсанда Алматыға келеді.

Бокс аңызы 1-2 желтоқсанда «Алматы Аренада» өтетін Synergy Global Forum форумының екінші күнінде хедлайнер болады.

Тайсоннан бөлек, Алматыға аустралиялық мотиватор Ник Ауйчич, ресейлік журналист Леонид Парфенов пен британиялық психолог Тони Бьюзен келеді.

Айта кетейік, Майкт Тайсон – америкалық кәсіпқой боксшы. Бірінші ауыр салмақта жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы. Кәсіпқойлар арасында ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы (1987 – 1990). WBC (1986—1990, 1996), WBA (1987—1990, 1996), IBF (1987—1990), The Ring (1988—1990) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Желілік чемпион (1988—1990). «Ринг» журналының нұсқасы бойынша үздік Р4Р-боксшы (1987—1989). «Ринг» журналының нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» (1986, 1988). BWAA нұсқасы бойынша «Жыл боксшысы» (1986, 1988). BBC нұсқасы бойынша «Жылдың спорт тұлғасы»(1989).

Пікір жазу