«Әлем аруы-2014» сұлулық байқауынан елімізге биыл да орын бұйырмады.
Кеше көптен күткен «Әлем аруы-2014» байқауының ақтық финалы АҚШ-тың Майами қаласында өтті. Ақтық финалға дейін жартылай финалда әлемнің 88 елінің арулары өздерінің ұлттық және арнайы байқау үшін тігілген көйлектерін көрсетіп шықты. Еліміздің намысын қорғап барған «Мисс Қазақстан-2013» байқауының жеңімпазы Айдай Исаева жартылай финалда отандық дизайнер Аида Кауменованың қолынан шыққан ұлттық көйлек пен Найл Байкучуковтың байқауға тіккен көйлектерін көрсетті. Алайда Айдайға 15 финалисттің қатарынан көріну мүмкіндігі тумады. Финалисттердің қатарына АҚШ, Колумбия, Украина, Австралия, Италия, Индия, Испания, Франция, Индонезия, Филиппин, Аргентина, Ямайка, Бразилия, Венесуэла, Нидерланды елдерінің қатысушылары өткен болатын.
Байқау нәтижесі бойынша «Әлем Аруы-2014» атағы Венесуэла елінің аруы, 22 жасар Паулина Вегаға бұйырды. Дәстүр бойынша тәжді «Әлем Аруы-2013» байқауының жеңімпазы Габриэла Ислер кигізді. «Бірінші вице-мисс» АҚШ-тық Ние Санчес, «Екінші вице-мисс» Украиналық Диана Гаркуша, «Үшінші вице-мисс» Ясмин Верхейджан атанды.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің атынан шыққан 25 жастағы Айдай Исаева Шымкент қаласының тумасы және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Қазіргі таңда ол Алматы қалалық №1 емханада отбасылық дәрігер болып қызмет етеді. Сұлу бойжеткен осыған дейін «Шымкент аруы», «Университет аруы», «Мега аруы», «Алматы аруы», «Қазақстан аруы» сынды сұлулық байқауларының жеңімпазы атанған.
Айдай Исаева



Байқау жеңімпазы

«Бірінші вице-мисс»

«Екінші вице-мисс»


Жулдыз
26.01.2015 , 21:00
Жеңістің болмауы қатысқан кыздарымыздан емес деп ойлаймын, тек біз әлі барлық әлемге танылып үлгермеген өте жас ел екендігімізде, Қазақстан қыздары да «Әлем аруы» атануының ауылы алыс емес шығар.
Маке
27.01.2015 , 09:41
Достар, біріншіден, бұл байқау Әлем аруы, яғни Мисс Мира емес, Мисс Вселенная деп аталады.
Екіншіден, Паулина Вега Колумбиядан келген, Венесуэлла емес)))
Нургул
27.01.2015 , 23:47
Мисс Вселенная ягни «Жаhан Аруы» жане колумбилык Венесуэла деп кателескен!
Нургул
27.01.2015 , 17:46
Jenimpaz bolgan venesuela emes, colombia Paulina Vega Dieppa