Гостиницы в Алматы
2017-08-07 17:11:52 85 0

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГАЖОБАСЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТЕРІН «ҚАЗАҚСТАН» ТЕЛЕАРНАСЫНАН ТАМАШАЛАЙ АЛАСЫЗДАР

Бұл жобаның мақсаты – Республикамыздың және басқа елдерге қоныс аударған қандастарымыздың  дәстүрлі әнші-термеші, күйшілері Ұлттық арнада бас қосып, еліміздің таңдаулы туындыларын дәріптеу арқылы,  атадан-балаға мирас болып қалған төл өнеріміз күй, жыр-термені заманға сай жаңашаландырып, болашақ ұрпаққа кеңінен таныту.

Ауқымды жобаға еліміздің 14 облысынан басқа, Ресей Федерациясы, Қытай Халық республикасы, Монғолия мен Алтайда тұратын қандастарымыз да қатысқан болатын. Сонымен, барлығы 675 өнерпаз бақ сынасып, іріктеу турларынан ең  үздік деп танылған 57 үміткер Республикалық телевизиялық байқауға жолдама алды.

Айта кетейік, «Мен қазақпын» халықаралық жобасының күнделіктерін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамыздың 7-нен бастап сағат 21:20-да көре аласыздар!

Пікір жазу