Гостиницы в Алматы
2017-07-21 12:55:11 27 0

Миллиондардың сүйіктісі, талантты әнші Димаш Құдайберген кеше Қытайдың Шеньжен қаласында өткен «MTV Music awards» жүлдесін иеленді.

Бұл туралы әншінің PR-директоры Алпамыс Шаримов хабарлады.  Алпамыстың айтуынша, бұл жүлде тұңғыш рет қазақ баласына бұйырып отыр.  Артынша, Димаштың өзі де инстаграм парақшасына: "Армандар орындалады, бүгін тағы бір мәрте үлкен музыкалық сыйлықтың иегері атандым! Бұл күн менің бала кезгі армандарымның бірі орындалған күн! Қолдауларыңызға раxмет! Бұл сыйлық - MTV MUSIC AWARDS...", - деп жазды.

Айта кетейік, Димаш "I am singer" байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі», «Ең үздік шетелдік танымал әнші», сондай-ақ осының алдында ғана «Ең танымал шет елдің әншісі» жүлделерін жеңіп алған еді. Осымен бұл – отандасымыздың Қытай еліндегі жетінші жүлдесі.

Пікір жазу