Гостиницы в Алматы
2017-08-15 15:14:51 23 0

Елордадағы «Қазанат» ипподромында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 17-18 тамыз күндері аударыспақтан І халықаралық турнир ұйымдастырылады. Бұл жайында «ҚазАқпарат» хабарлады.

Алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отырған аударыспақ сайысының өту тәртібі туралы бүгін Астанадағы Қазмедиа орталығында Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов пен ҚР «Ұлттық спорт түрлері» қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан айтып берді.

Аталған сайыста Венгрия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, АҚШ сынды мемлекеттердің спортшылары бағын сынамақ.

«Аударыспақтың халықаралық деңгейге жетіп жатқанына қуаныштымыз. Ұлттық спорт түрлерінің тізгіні ұстап жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Республикалық деңгейде ұлттық спорт түрлерінің даму орталығы ашылды. Оның сапасын жақсарту бағытында жұмыстар жасалмақ. Бұл жолғы халықаралық турнирдің маңызы бар. Аударыспақ сайысы Маңыстау облысының мәдени күндерімен қатар өтеді. Ұлттық спортымызға қолдау білдіріп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына алғыс айтамыз», - дейді Елсияр Қанағатов.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханның айтуынша, І халықаралық ашық турнир бәсекесінде балуандар 80 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары салмақтарда өзара бақ сынайды. Жарыстың соңғы күнінде абсалютті салмақтың алтын белдігі сарапқа салынады. Жалпы жүлде қоры - 5 миллион 200 мың теңге.

Сондай-ақ, аталған жиында аударыспақтан Қазақстанның намысы үшін күш сынасатын спортшылардың есімдері аталып өтті. Атап айтқанда, турнирде 2014 жылы елшілік бәсекенің алты дүркін, Қырғыз Республикасында өткен ІІ дүниежүзілік көшпенділер ойынының чемпионы Біржан Қосалиевке, ауыр және абсалютті салмақтың мықтысы Сырым Ізбасаровқа үміт артылып отыр.

Пікір жазу