Гостиницы в Алматы
2017-05-29 18:38:09 31 0

Италия чемпионатының 38-ші турында «Рома» мен «Дженоа» командалары 3:2 есеп көрсеткішін көрсетті.

Чемпионатта атақты шабуылшы Франческо Тотти өзінің соңғы ойынын өткізді. Ол 54-ші минутта Мохамед Салахтың орнына шыққан болатын.

Осы уақытқа «Рома» құрамасында Тотти 786 ойын өткізіп, 307 доп соққан. Қоштасу сәтінде футболшы, өзіне ие бола алмады. Футбол добына қолтаңбасын қалдырған Тоттиді жанкүйерлері мен құрамасы көздеріне жас алып тұрып, алаңнан шығарып салды.

Пікір жазу