Гостиницы в Алматы
2014-10-24 12:58:22 22940 3

Ұнатып жүрген жігітіңді таң қалдыру үшін жұлдыз белгісі бойынша оның кім екенін біліп алып, мына кеңестері орындасаң ­– жетіп жатыр!

Тоқты Бұл жігіт – идеялар мен көңіл-күйдің қоймасы. Оның жанында ешқашан зерікпейсің. Ол әрдайым сені көңілдендірудің жолын табады. Оған ұнау үшін сен нағыз бойжеткен болуың керек, яғни бастысы арманшыл болуың керек! Оған жиі-жиі мақтау айтуға тырыс. Бұл айта кету керек, ұлдардың барлығына дерлік ұнайды=) Тоқтыға бәрінен де Бикеш, Суқұйғыш және Таразы сәйкес келеді.

Торпақ Ол барлық жұлдыз белгілерінің ішіндегі ең сенімдісі. Егер әлденені уәде етсе оны міндетті түре орындайды. Сондай-ақ ол керемет әзілқой! Оған күлімсіреп қарап, тартымды көрін және нәзік болуға тырыс. Бәлкім, үйреншікті джинсыдың орнына әдемі көйлегіңді киерсің? Торпаққа бәрінен де Тауешкі мен Бикеш сәйкес келеді.

 

Егіздер Ойнақы мінезді, ортаның көркі және көпшілікті үйіріп алатын жігіт – мұның барлығы да соның атына айтылған сөздер. Оған жұрттың назарында болған ұнайды, өмірде музыкант немесе әртіс кәсібін жиі таңдайды. Оны еліктіру үшін аздап жұмбақ жанды бол жіне сабырлы көрін. Тіпті ішкі дүниеңде қызығушылық қайнап жатса да, сыр бермеуге тырыс! Бұл жігіт өте әсершіл, сондықтан сабырлы, салмақты қыздарға әуес. Егіздерге бәрінен де Таразы, Суқүйғыш және Тоқтылар сәйкес келеді.

Шаян Ойға берілгіш, арманшыл және ілтипатты, бір сөзбен айтқанда, жігіт емес нағыз арман дерсің!!! Оған ақылды әрі жұмсақ мінезді қыздар ұнайды. Ол үшін қыз баланың сырт келбетінің көрікті болып тұрғаны ғана емес, адамдармен әңгімелесе білгені де мағызды. Сондықтан мұны да естен шығаруға болмайды. Сарышаяндарға бәрінен де...сенесің бе, сенбейсің бе... Шаян қыздар ғана лайықты! Сондай-ақ, оларға Сарышаяндар да сәйкес келеді.

Арыстан Ол өз-өзіне сенімді, оны кез-келген ортада жоғары бағалап, құрметтейді. Қанша дегенмен, Арыстан – аң патшасы емес пе?! Мұндай жігіттер, әдетте, өмірде ең алдыңғы қатарда жүреді. Сондықтан сен оған лайықты жүруің керек. Ол сенің оқудағы жетістіктеріңді, үлкен тенниспен айналысатыныңды және ағылшын тілінде таза сөйлейтініңді жоғары бағалайды. Әрине, сенің сезімге толы көздерің мен шаттанып күлгеніңді де ол назарынан тыс қалдырмайды. Арыстандарға бәрінен де Таразылар, Тауешкілер жіне Суқұйғыштар сәйкес келеді.

Бикеш Ең кірпияз жандардың белгісі. Тәртіп пен тазалықты бірінші орынға қояды. Сондықтан оның алдында ешқашан да «қалай болса солай» жүріп, үтіктелмеген киімде көрінуші болма. Оған мінезі ұстамды және байсалды қыздар ұнайды. Сондықтан онымен қарым-қатынасыңды анықтаймын деп дауласушы, көз жасыңа ерік беруші болма. Бикештерге бәрінен де Тауешкілер мен Бикештер сәйкес келеді.

Таразы Ол көңілді, тартымды және адамдарға ақыл айтқанды жаны сүйеді. Әдемі заттарға жаны құмар, өнерге әуес және талғамы жоғары. Оның жүрегін бағындыру үшін сен сәнмен киінетін, басқалардың назарын өзіңе аудара алатын, жарқын да көрнекті болуға тиіссің. Сондай- ақ, айталық, әдебиетті немесе сурет салу өнерін аздап болса да түсіне алуың керек. Бұл оған өте ұнайды. Таразыларға бәрінен де Мергендер, Арыстандар және Егіздер сәйкес келеді.

Сарышаян Күшті әрі жұмсақ белгі. Мұндай жігіт кездесуге тұрарлық (жүретін, үйленетін) қызды әрқашан да өзі таңдайды. Ал оның таңдауына ықпал жасау мүмкін емес. Анығы сол, сен де жұмбақ әрі сырыңды білдірмейтін болуың керек. Сарышаян ­- Балық, Шаян және торпақ белгісіндегі қыздарға көңілін жиі аударады.

 

Мерген Оның қажыр-қайраты да мол, жұмыстары да шаш-етектен. Ол үнемі әлденемен айналысады да жүреді. Мергеннің ой өрісі кең және қызығушылығы жан-жақты. Оған көңілді, болашаққа нық сеніммен қарайтын әрі спортпен шұғылданатын қыздар ұнайды. Қысқасы, аяғыңа шаңғы байла, ролик теп немесе өзіңе ұнайтын спорт түрімен айналыс. Бірақ, есіңде болсын жұлдыз-белгілердің ішінде Мерген ең еліккіш және жеңілтек мінезді белгі. Сақ бол! Мергенге бәрінен де Таразы мен Тоқты сәйкес келеді.

Тауешкі Бұл өзімен өзі томаға-тұйық жүретін жігіт. Ол сенімді дос, батыл мінезді және жан дүниесі өте нәзік. Сондықтан да ол сені ұзақ бақылап, асықпай қорытынды жасайды. Сенімен өзінің арасында арақашықтық сақтайды. Сабыр сақта және мейірімді әрі ықыласты бол. Егер оның таңдауы саған түссе, бұл ұзаққа баратын және шынайы қадам екендігіне сене бер. Тауешкіге бәрінен де Бикештер, Арыстандыр және Торпақтар сәйкес келеді.

Суқұйғыш  Ол – шығармашылық қасиеттерге ие жігіт. Көбіне сезімнің әсерімен күтпеген әрі ерекше қылықтарға барады. Дүниеде бәрінен де өзінің еркіндігін жоғары қояды, сондақтан оған ешқашан шек қоймайтыныңды сездір. Сондай-ақ, өзіңнің тартымды, ақжарқын әрі жан-жақты екеніңді көрсете біл. Сонда ғана бәрі де жақсы болады. Суқұйғышқа бәрінен де Арыстан мен Тоқтылар сәйкес келеді.

Балықтар Ол өлең жазып, музыка шығарудың қас шебері. Ол сен бұрын-соңды кездестірген ұлдардың ішіндегі ең жаны нәзігі әрі қамқоршылы. Тек қана ол өте тұйық әрі секемшіл болып келеді. Балықтарға орынды-орынсыз сұрақтарыңмен ығыр қылмасаң ғана жағасың. Оның неге әуестенгенін біліп алуға тырыс, өзіңнің де осыған қызығатыныңды білуі үшін ол бар жерде бірнеше сөзді байқамағансып айтып қал ;) Сосын ол өзі-ақ сенің жаныңа келеді. Балықтарға сәйкес келетін белгілер – Сарышаян мен Торпақтар.

 

 

 

Пікірлер

  • Хапас
    Барлыгына Ассаламуалейкум дей келе бул жулдыз жорамалга катты сене бермеймiн сайкес келiп калса тангалмаймын тек акыл кенес ретiнде гана кабылдаймын ренжеменздер!
  • жансая
    Сене бермеушм ем жорамалга,дегенмен бул жолы накты келди,рахмет!
  • Зайтуна
    Рахмет

Пікір жазу