Гостиницы в Алматы
2014-10-03 21:47:20 1499 0

Косметиканың шығу тарихы

Ертеде ата-бабаларымыз бояуды тек әдемілік үшін ғана емес, денені түрлі аурулардан сақтау үшін де пайдаланған. Ежелгі египеттіктер бағалы тастар мен өсімдіктерден көзге, бетке жағатын бояулар жасаған. Кейін бояулар медицина мен гигиенаның бір бөлігіне айналды. Олар бетке жаққан бояу денені сауықтырады деп тапты.

aromaterapiya_drevn_bani1

Біздің заманымызға дейін де косметиканың құрамына қолға, бетке жағатын маска, шаш күтіміне арналған сабынсулар, опа, далап, тіс тазалайтын заттар кірген.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Ежелгі Грекияда моншалар басты роль атқарған. Құлдар монша жағып, ішінде түрлі процедуралар – массаж, бояу, шаш күтімін жасайды екен. Ал ежелгі Рим моншалары клуб тәрізді болған. Римдіктер уақытының көбін осында өткізген көрінеді. Кез-келген өзін сыйлайтын грек немесе римдік үйінде міндетті түрде монша жағады екен. Олардың кемелерінде де монша болыпты. Моншаның іші гүлмен безендіріліп, ыдыстары пілдің, тасбақаның сүйектерімен, кұмістен, мәр-мәрдан, алтын және әр түрлі қымбат тастардан жасайтын боған. Юлий Цезарь мен Нерон хош иісті майға шомылады екен. Ал Поппея Сабина әжімнен арылу үшін есектің сүтіне шомылған.

молоко

Гомердің заманында гректер раушан мен лала гүлдерінің майларын пайдаланған. Ежелгі римдік дәрігер Гален өз рецепті бойынша крем ойлап тапқан. Бұл кейін косметиканың негізін қалады.

косметика

Опа-далаптың қай кезе шыққанын дөп басып айту қиын. Бірақ әтірлер мен түрлі бояуларың отаны Ежелгі Египет болып саналады. Египет тұрғындары құлшылық ету мақсатында хош иісті гүл іздеп, көп уақыттарын сарп еткен. Кейін өлген адамды жерге берерде оған әтір себетін болған. Олардың түсінігінде о дүниеге хош иіспен аттанған адам Құдайдың сыйлығына ие болады деп сенген.

египет

Гректер мен римдіктер күніне үш рет үстеріне хош иісті май жағатын болған. Иіссуға ерекше мән берген гректер салтанатты кештерде көгершіндердің қанаттарын әтірге малып ұшырған екен. Көгершіндер қанаттарын қаққан кезде әтір жердегі адамдарға шашырайды.

histor-t

Египеттік әйелдер хош иісті шөптерді қалталарына салып жұреді екен. Ал бай әйелдер түрлі қоспалар әзірлеп оны отқа жағып, жағымды иіс үстеріне сіңіп қалу үшін отты айнала қоршап отыратын болған. Бетке бояу жағуды ең алғаш египеттік әйелдер бастаған. Олардан иудейлер, римдіктер, гректер үйренген. Өздерін әдемі етіп көрсету – ежелден әйелдерге тән құбылыс. Олар ауыздан жағымсыз иіс шықпас үшін түрлі хош иісті ағаштардың бұтақтарын шайнаған. Арнайы қоспа әзірлеп, тандыр дайындайды екен де, соны шетінен үзіп алып шайнайтын көрінеді. Кейін грек әйелдері осы қоспаға қорғасын араластырып, бетті қызартатын бояу жасап, кептіріп, үгітіп, опа жасаған. Бұл ұнтақты төсектеріне де сеуіп тастайды екен.

опа

Сұлулық жағынан египеттіктермен енді ашық бәсекеге түсе бастаған гректер бетке жағатын маскалардың түр түрін ойлап шығара бастайды. Бетті сүтпен, түрлі қоспамен жуу осылай басталған. Ежелгі Египетте бояуларға қоса шашқа тағатын бұйымдар, қырынатын, тырнақ алатын заттар шыға бастайды. Шашы сиректер бастарына бұйраланған жасанды шаш киген. Шашты бұйралау үшін арнайы темірді қыздырып, шашқа ораған. Қара шаштан құтылу үшін оны хнамен, түрлі қоспалармен бояған.

 

Пікір жазу