Гостиницы в Алматы
2014-10-27 23:43:12 2419 0

Сән әлемі жаңа ғасырдағы жаңа үлгілермен бірге гүлденуде.  Дүние жүзіне әйгілі дизайнерлермен, сән журналдарының редакторлары киім үлгісіндегі ең үздіктерін таңдап әлемге паш етуде.  Күн шығыстан  сәулесін шашып, батысқа батқанға дейін  жоғарғы сатыдағы сән талмай жаңартылып өзгертілуде.  Алайда, қарапайым адамдардың стильге деген беріктігін еш нәрсе алмастыра алмас.

Сонымен, ең негізгі стиль түрлеріне тоқталып өтейік. Олар - классикалық, романтикалық және спорттық болып бөлінеді. Осы аталған үш стиль өзара бірнеше стильдерге тармақталады.

Көптеген тұлғалардың таңдауы классикалық стильге келіп жүгінеді. Классикалық стиль – бұл киімнің әр тігісінде сенімділік пен қарапайымдылықты ұштастырып отырады. Бұл киімнің әр заты жоғары сапасы мен материалдардың бай көрінуімен ерекшеленеді. Стиль өзінің бойында қатаң түстік гаммалармен қатар нәзік-жібек түстерді де үндестіреді. Ұзындығы, көлемі және ені жағынан адам көзіне жайлы.

Романтикалық стиль киімге  тек ғажап, әсерлі эмоцияларды толтырады. Бәрімізге белгілі жағдай, әйел адамдары мерекелік іс-шаралар болатын болса, ішкен астарын жерге қойып, бар өнерлерін салуға тырысады. Ұзын етекті, сиқырға  толы түстермен тігілген көйлектер, неше түрлі шашақтармен безендірілген орамалдар... Көз тойғысыз!

Спорттық стиль – еркін қозғалуға, спортпен  айналасуға немесе белсенді демалуға арналған киімдер. Болмысынан жарық пен белсенділікке толы бұл стиль, ыңғайлығы мен тиімділігімен адамдардың қызуғышылығын басар емес.

Жоғарғы сатыдағы сәнгерлермен дизайнерлердің мақсаты – тұтынушыларды жалықтырмай, жоғарыда көрсетілген стильдерді араластыру арқылы жаңа стильдерді ойлап табу. Бұл аса шығармашылық пен көрегенділікті қажет етеді.

Заман талабына сай стиль түрі – casual. Casual ең танымал, әрі әлемнің түкпір-түкпіріне таралған стиль. Бұл стиль өзге стильдердің элементтерінен құралған, бірақ оның өзгелерден айырмашылығы - ыңғайлығы. City casual (қала ішінде киетін), smart casual (классикалық-күнделікті), sport casual(спорттық күнделікті, спортпен айналысуға емес) болып ішінара бөлінеді.

Дерби – жокейлік стиль түрі. Бұл стильдің атауы жылқымен шабуға әуес болған ағылшын лордының есіміне байланысты қойылған.

Іскерлік стильдің мақсаты жұмыс бабынан басқа нәрсеге көңіл бөлінбеуі мен ерекшеленбеуінде. Іскерлік стилі ұқыптылықты ұстанады. Тігісі, формасы, силуэті барлығы нақты айқындалып тұруы қажет.

Минимализм – бұл аса қарапайымдылық емес, бұл деген артық еш нәрсені қажет етпеу дегенді білдіреді.

Дайындаған Медина Дүкенбаева

 

Пікір жазу