Гостиницы в Алматы
2016-11-27 08:30:06 12 0

Қазақстандық Дархан Нортаев джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы ҚР Джиу-джитсу қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлайды.

Жартылай финалда колумбиялықпен белдескен Дархан Нортаев ақтық сында отандасы Қуандық Қонысовпен кездесті. JJIF әлемдік аренасының тарихында тұңғыш рет екі қазақстандық финалға шығып, бір-бірімен белдесті. Қорытынды есепте Дархан Нортаев «алтын» алып, Қуандық Қонысов «күміске» ие болды.

Польшаның Ворцлав қаласында өтіп жатқан  джиу-джитсудан әлем чемпионатының екінші күнінде жеке және жалпы командалық есепте әлемнің 46 елінен 2000 спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 1 күміс бар.

Пікір жазу