Бұл туралы Алпамыс Шаримов инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады.
«Сүйінші! Asian Music GaLa марапаттау кешінде Димаш “Ең танымал шет елдің әншісі” номинациясының иегері атанды! Құтты болсын!!! Біздің бала шет елде “Ең танымал әнші”!!! Раxмет, Dears!!! Раxмет, ұйымдастырушылар!!!» – деп жазған Димаш Құдайбергеннің досы әрі продюсері Алпамыс Шаримов.
Айта кетейік, Алпамыс бұған дейін Димаштың Asian Music GaLa марапаттау кешінде қатысу үшін Қытайдың Гуанджоу қаласына кеткенін хабарлаған еді.
Димаш Құдайберген «Құрметті өнер сүйер қауым! Баршаңызға көп рахмет айтқым келеді. Барша қазақ елінің атынан осынау Азия мемлекеттері арасында өтіп жатқан ірі жобада бой көрсетуге мұрындық болып тұрғандарыңызға көп рахмет айтқым келеді», – деді Димаш сахна төрінде қазақ тілінде.