Санчестің сөзіне қарағанда, Головкин өзіне қызықты жекпе-жектерге қол жеткізу үшін 168 фунтқа дейін (76 кг) көтерілуі мүмкін екен.
"Головкиннің дұрыс жекпе-жек үшін 168 фунтқа дейін көтеріліп, кейін 160-қа қайта түсетінін елестете аламын. Жарты жылдан кейін 168 фунтқа өтіп, сол салмақта қалады деп ойлаймын. Үш жылдан кейін ол 168 бен 175 фунт арасында өнер көрсетуі мүмкін", - дейді ол.
Жаттықтырушы промоутер мен менеджерлердің Головкин карьерасы үшін қай салмақтың дұрыс болатынын қарастыратынын айтты. "Сонымен қатар мұндай өзгеріс біздің осы салмақта үлкен кездесулер ұйымдастыра алуымызға да байланысты болмақ", - деді World Boxing News-қа берген сұхбатында Санчес.
18 наурыз күні Головкин WBA-ның орта салмақтағы "тұрақты" чемпионы Дэниэл Джейкобспен кездесіп, атағын қорғайды.