Гостиницы в Алматы
2017-01-10 01:25:07 72 0

Криштиану Роналду жыл ойыншысы атанды

Португалия құрамасының және "Реал Мадрид" клубының ойыншысы Криштиану Роналду бүгін FIFA нұсқасы бойынша әлемнің үздік ойыншысы атанды. 2016 жылы Еуропа чемпионы және Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған 31 жастағы ойыншы "Барселонаның" ойыншысы Лионель Месси мен "Атлетико Мадридтегі" Антуан Гризманның алдын орап кетті.

Жүлде Роналдуға Цюрихте өткен салтанатты шарада табысталды.

large-1

Бұған дейін Криштиану Роналду France Football тағайындайтын "Алтын доптың" иегері атанған болатын.

Пікір жазу