Гостиницы в Алматы
2017-09-18 10:25:58 545 0

Орта салмақта WBC, WBA (Super) IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жегі тең аяқталғаннан кейін, келесі жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды. Бұл жайында qsport.kz порталы мәлімдеді.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекте төрешілер жеңімпазды анықтай алмағаннан соң, спортшылар пресс-конференция өткізіп, сұрақтарға жауап берді. Осы орайда Сауль Головкинмен болатын екінші кездесуі туралы айтып өтті. Ол өз сөзінде: «Қазір мен осы жылдың аяғына дейін үзіліс аламын. Егер реванш болатындай жағдай болса, онда тек келесі жылы сәуір немесе мамыр айында өтуі мүмкін. Бұл жекпе-жектің қашан өтетінін нақты білмеймін, бірақ Альварестің дәуірі туды деп сеніммен айта аламын», — деді Сауль.

Еске сала кетейік, Головкин — «Канело» жекпе-жегі бүгін Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтті. Төрешілер жекпе-жекті тең деп аяқтап, Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super) IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғап қалды.

Пікір жазу