Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған жарыс, 30 сәуір күні Гонконгте өтті.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, халықаралық би қауымдастығының (Multi (International) Dancing Association) ұйытқы болуымен ұйымдастырылған жарысқа 10 елден 250-ден астам биші қатысқан. Әмір Қабазиева латынамерикалық биден (жеке және жұп) бірінші орын алды, сондай-ақ «Чемпионаттың үздік шетелдік қатысушысы» аталымын жеңіп алды.
Әмір бір жарым жылдан бері Бейжіңде бал билері үйірмесіне барады екен.Ал оған дейін Қазақстанда Алма Сағадиеваның жетекшілігімен «Көбелек» ансамлінде шығыс және әлем халықтары билерімен шұғылданған.