Гостиницы в Алматы
2017-04-28 18:49:00 53 0

Бүгін, 28 сәуір күні Қарағанды қаласындағы С.Сәпиев атындағы бокс орталығында аралас жекпе-жектен V Қазақстан чемпионаты басталды.

Чемпионатқа қатысуға еліміздің түрлі облыстары мен қалаларынан 104 спортшы өтініш білдірген. Және жекпе-жек 9 салмақ дәрежесі бойынша  (52,2 кг, 56,7 кг, 61,2 кг, 65,8кг, 70,3 кг, 77,1 кг, 84 кг, 93 кг, 120 кг) өтеді.

Бұл аралас жекпе-жектен бұрынғыларынан өзгешелігі нәзік жандыларымыз да чемпионатқа қатысуға өтініш білдірген. Ең алғашқы әйелдер  арасындағы айқас 52,2 кг салмақта Алматылық Аян Тұрсын мен Шығ.Қазақстандық Эльмира Серікбекова арасында өтеді. Бұл жайында «Қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі хабар етті.

Чемпионат нәтижесі бойынша еліміздің жаңа ұлттық құрамасы құрылатын болады.

Пікір жазу