Ислам Бадурговтың командасы ұйымдастырған пранк Конор МакГрегор мен Флойд Мейвезердің алдағы жекпе-жегіне орай түсіріліпті. Қазақстандық бетіне грим жасап, уақытша татуировка салып, шаш үлгісін өзгерткен. Ол Bentley кабриолетімен Лос-Анджелес көшелерінде жүріп, жұртты таңғалдырды.
Адамдар пранкермен суретке түсіп, шын көңілімен қуанған. Сосын Бадургов ирландиялық жиі келетін Родео-драйв көшесіне барып, жанына көптеген адам жинап, суретке түседі. Қазіргі таңда ролик видеохостинг пен әлеуметтік желілерде көптеп қаралым жинап жатыр.
Ал Ислам Бадурговтың өзі: “Көбі мені Конорға ұқсайсың деп жатты, сондықтан осы жолы пранк өздігінен шыға келді. Лос-Анджелесте, тіпті UFC әлемінде шу шығарды. Конор, сен ұлы файтерсің, көптеген адамға шабыт сыйлайсың, сондықтан бұл пранкты Флойд Мейвезермен алдағы жекпе-жегіңе арнаймыз. Ал сенің жеңіске жететініңе күмәніміз жоқ", - деп жазды парақшасында.