Гостиницы в Алматы
2017-08-03 17:55:10 20 0

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Владимир Кличко бокстан мүлде кетуді ұйғарды. Бұл туралы ол өзінің  YouTube-арнасында мәлімдеді.

Айта кетейік, 41 жастағы сопртшы 11 қараша белгіленген Энтони Джошуамен қарымта жекпе-жектен бас тартты. Бұл бокс кеші Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтуі керек болатын.

Осы уақытқа дейін украиналық боксшы  кәсіпқой рингте 64 жекпе-жек өткізіп, 53-ін нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ 5 рет жеңіліске ұшыраған.

Пікір жазу