Гостиницы в Алматы
2017-08-03 18:01:49 1066 0

ҚҰРАЛАЙ НҰРҚАДІЛОВА ҚОЛЖЕТІМДІ КИІМДЕР САТУМЕН АЙНАЛЫСПАҚШЫ

Oтандық дизайнер Құралай Нұрқаділова енді 5500 теңгеден басталатын бағада киімдерді сатылымға шығармақшы. Сән әлемінің алғашқы қарлығашы — Құралай Нұрқаділованың өз саласындағы ерекше жаңалығы жайлы «Ревю» бағдарламасында айтты.

Дизайнер бұдан былай сапалы дүниелерді қолжетімді, арзан бағамен ұсынуға ниетті.

«Мен бұл топтаманы «Гардероб» деп атадым. Себебі ұсынып отырған киімдерім әр адамның гардеробында кездеседі. Олардың сапасы люкс болғанымен бағасы қолжетімді. Яғни, кез-келген адам сатып ала алады», – дейді Құралай Нұрқаділова.

Сәнгер, аталмыш топтаманың тұтынушы сұранысынан туындағанын жасырмайды. Себебі, әдемі киінуге әркімнің таласы бар.

Дизайнердің айтуынша, жеңіл жейделердің бағасы 5500 теңге. Жалпы, осы топтамадан киіну үшін 15000-мен 35000 теңге аралығында қаржыңыз болса жеткілікті.

Пікір жазу