Гостиницы в Алматы
2017-06-21 15:37:26 200 0

Тұрсын Алагөзовтің әкесі Тұрым Алагөзов Баян Мақсатқызының "Баян" деп аталатын кітабын оқып шығып, өз бағасын берген. Бұл жайында tengrinews.kz  хабарлады.

"Баян маған кітабының қорытынды данасын оқуға берді. Бір деммен оқып шықтым, сосын тағы да, асықпастан, әрбір сөйлеміне мән беріп оқыдым. Таңғалдыратын кітап, өз-өзіңмен нағыз монолог. Менмендік пафосы жоқ, асқақтығы байқалмайды, алғашқы сөйлемдерінен-ақ елітіп әкетеді. Балалық шағында көрген жапондардыкіне келетін тәрбиесі (еркін, әрекетке шектеусіз), сосын мектеп жасында қатаң тәрбие көрген ол қазір ел қандай деп білсе сондай әйел болып шықты. Ол өз мақсат-мұраттарын нақты білді - оқуда, өмірде және мансабында "бірінші болу". Оң-солын танып, тұлғаға айналуда дененің көгеруі (тікелей мағынада), көрген қорлықтар, өзі тәуелді болған адамдардың түсінбеуі, осы жолдан ол сынбай, абыройын сақтап өтті", - деп жазған Тұрым Алагөзов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, кітап оқырманды басынан соңына дейін еліктіреді. "Ол әрдайым шындықты тік айтады, адамдар туралы да, оқиғалар жайлы да. Адам нанғысыз адалдығы, өзіне деген қатаң талапшылдығы авторға деген зор құрметті оятады. Б.Шаляпина мен Г. Вишневскаяның өздері жайлы жазған кітаптарын оқыған адам жан болмысының сырын айтудағы ұқсастықты байқайды. Ол әлденені айтпай-ақ қоюға да болар ма еді, әркімнің де өз сыры, сандыққа сақтап отырған құпиялары бар ғой дейді. Миллиондаған адам өмірді "барлығы секілді" жариясыз қабылданған нормаларымен сүреді, ал бірақ өз мақсат-мұратын сезетіндей өмір сүретін тұлғалар болады. Олар қиын жолдан өтеді, бірақ адамдардың есінде қалады. Кітап өте пайдалы, әсіресе жастарға", - деп қорытындылады өз ойын Мақсатқызының қайын атасы.

Пікір жазу