Гостиницы в Алматы
2016-12-31 15:29:47 73 0

Скарлетт Йоханссон - жылдың ең пайдалы актрисасы

Forbes журналы жылдың ең пайдалы әрі көп табыс түсірген картиналарға түскен актерлердің тізімін жариялады. 

Бірінші орынды Скарлетт Йоханссон иеменденді. Америкалық актриса қатысқан "Капитан Америка: Азамат соғысы", "Жасасын Цезарь" фильмдер 1,2 миллиард доллар табыс тапқан. Екінші және үшінші орындарға Скарлетт Йоханссонның "Капитан Америка: Азамат соғысы" бойынша әріптестері - Крис Эванс пен Кіші Роберт Дауни жайғасты. Олардың да жетістіктері 1,1 млрд тапқан "Капитан Америка: Азамат соғысы" фильміне негізделіп отыр.

Рейтингтің келесі орындарында:

4. Марго Робби - 1,1 млрд доллар ("Тарзан туралы аңыз", "Өлімге бәс тіккендер жасағы")

5. Эми Адамс - 1,04 млрд доллар ("Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы", "Келу", "Түнгі жануарлар")

6. Бен Аффлек - 1,02 млрд доллар ("Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы", "Есеп айырысу")

7. Генри Кавилл - 870 млн доллар ("Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы")

8. Райан Рейнольдс - 820 млн доллар ("Дэдпул")

9. Фелисити Джонс - 508 млн доллар ("Инферно", "Күрескер-бір: Жұлдызды соғыстар хикаясы")

10. Уилл Смит - ("Өлімге бәс тіккендер жасағы")

Пікір жазу