Қазақстанның мәнерлеп сырғанау бойынша құрамасының бас бапкері Құралай Үзірова Алматыдағы Дүниежүзілік универсиадаға қатысатын құраманың тізімін бекітті. Ерлер командасына Денис Тен, Абзал Рақымғалиев және Артур Панихин кірген болса, әйелдер арасындағы сайыстарда Қазақстан намысын Айза Иманбек, Вероника Шевелева және Жансая Әдіханова қорғайтын болады. Сочи Олимпиадасында қола жүлдегер атанған Денис Тен Алматыдағы Қысқы универсиада кезінде ерлер арасындағы жеке мәнерлеп сырғанау жарысының басты фавориттерінің бірі болмақ. Алайда әйелдер командасына медаль үшін күрес қиынға соқпақ. «Әйелдер командасына жас қыздар кіріп отыр олардың барлығының ойынында өздеріне тән тартымды тұстары бар, алар биіктері әлі алда.
Ең бастысы, олар ел атынан барынша жоғары деңгейде өнер көрсетсе деймін. Айза Иманбек алғашқы ондықтар тізіміне кіргенін қалаймын. Жақсылап күшін салып, қобалжуын басып, өз биін таза орындап шыға алатын болса, оның қолынан бұл келеді. Біздің әйелдер құрамасының ойыны барлығының көңілінен шығады деп үміттенеміз», - деді Құралай Үзірова.
Жас мәнерлеп сырғанаушы Вероника Шевелева: «Универсиадаға қатысатынымды естігенде өте қатты қуанып кеттім. Осындай деңгейдегі жарысқа қатысу мен үшін үлкен құрмет. Өз күшіме сеніммен қараймын. Білетінімнің бәрін көрсете аламын деп ойлаймын. Қазір мүмкіндігінше көбірек жаттығуға тырысып жүрміз, күн сайын 3-4 сағат мұзда жаттығудамыз», - деп атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Қысқы универсиаданың бүкіл тарихында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар екі медаль жеңіп алған. 1995 жылы Испанияның Хакасында Марина Халтурина және Андрей Крюков жұптық ойында алтын жеңіп алған болса, Дмитрий Казарлыга және Елизавета Стекольникова елімізге қола медальдарды сыйлады.