Гостиницы в Алматы
2017-01-04 17:04:07 64 0

Боксшы Жаңқош Тұраров 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадаға арналған әннің бейнебаянына түсті деп хабарлайды Stan.kz 

«Универсиада секілді маңызды жобаларға өз үлесімді қосу – мен үшін үлкен мәртебе. Сондықтан бұл ұсыныстан бас тартпадым. Спорт жарысында жеңіске ұс\мтылғанымыз сияқты, түсірілім барысында да ракурстан 10 рпет өткен шығармыз. Режиссер бәріне қатал талап қойып, спортшы не актер деп бөлмеді», – дейді Тұраров Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Жанқош қаңтар айының соңына қарай АҚШ-қа жаттығуға кететінін айтты. Сонымен қатар, ол өзінің промоутерлік компаниясының қарсыластарды қарастырып жатқанын, АҚШ-та екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Біз Астанада ЭКСПО аясында үлкен бокс кеші өтеді деген үміттеміз. Сол кеште Қанат Исламмен және басқа танымал боксшылармен бірге қазақстандық спортсүйер қауымға нағыз мереке сыйлаймыз деп ойлаймын», – деді боксшы.

Универсиада 29 қаңтар мен 8 ақпан аралыңында Алматыда өтеді.

Пікір жазу