Гостиницы в Алматы
2017-06-17 08:55:19 92 0

Әзірбайжанның Нахичевань қаласында бокстан жастар арасындағы Халықаралық турнир өтті.

Гайдар Алиевті еске алуға арналған дәстүрлі турнирде Ресей, Әзірбайжан, Иран, Венгрия, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Грузия елінің боксшылар қатысты. Қазақстан жастар құрамасы 4 алтын және 5 қола жүлдемен жалпы есепте екінші орын алды. Бұл жайында dodasport.kz сайты мәлімдеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

1-ші орын: Әшірхан А. (54 кг), Бектас А. (63 кг), Жақпеков Е. (70 кг), Тоғанбай С. (80 кг).

3-ші орын: Мұхтаров А. (46 кг), Жексен Б. (52 кг), Абдыкерім Б. (66 кг), Мақсут К. (75 кг), Ахметжанов А. (+80 кг).

Пікір жазу