Гостиницы в Алматы
2017-04-30 15:33:26 73 0

«Жерлесіміз, Бекман Сойлыбаев бүгін Мексиканың Чиуауа қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде венесуэлалық Самуэл Гонсалеспен жұдырық түйістіріп, WBC International чемпиондық белбеуін жеңіп алды»,- деп хабарлайды baistars.kz

 

Бұл жайында diamondring.kz: «Канело мен Хулио Сезар Чавестің ағайындары Рамон Альварес пен Омар Чавес жекпе-жегінің андеркартында өткен Бекман Сойлыбаев пен Самуэл Гонсалестің айқасы 10 раундқа жоспарланған болатын»,- деп мәлім етті.

Жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің екеуі жеңісті жерлесімізге беріп, Бекман WBC International чемпиондық белбеуін иеленді.

Пікір жазу