Дзюдодан 14-16 шілде күндері Германияның Саарбрюккен қаласында Еуропа кубогы жарысы өтеді. Халықаралық бұл додаға Қазақстан құрамасы сапында 14 дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов те бар.
Елдос Риодағы Олимпиада ойындарынан кейін тынығып, Гран-При турнирінің көпшілігіне қатысқан жоқ. Ақпан айында Дюссельдорфтағы додада жүлделі орыннан көріне алмады. Ал алдағы Еуропа кубогында 66 келіде бақ сынап көрмек. Бұл жайында айқын.кз мәлімдеді.
Саарбрюккендегі додаға Елдостан бөлек Рио Олимпиадасына қатысқан Жансай Смағұлов пен Максим Раков та қатысады.