Гостиницы в Алматы
2017-02-03 17:30:32 2766 3

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеновтың Қытайдағы "I am a Singer" жобасының үшінші кезеңінде қандай кейіпте ән орындайтыны белгілі болды. Дайындық барысында түсірілген суреттерді Facebook-тегі "Singer" парақшасы жариялады. 

Еске сала кетейік, үшінші кезеңде Димаш британдық Queen тобының "The Show Must Go On" әнін орындайды. Тікелей эфир Hunan TV арнасында 4 ақпан күні Астана уақыты бойынша 20:00-де басталады.

28 қаңтар күні Димаш Қытайдың Hunan TV арнасында тікелей эфир арқылы "I am a Singer" жобасы аясында "Опера №2" әнін айтып, кезең бойынша бірінші орын алған болатын.

Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

Пікірлер

  • Карлыгаш
    Димаш ! Арбир баскан кадамына Алланын нуры жаусын, Алла тагалам сени Тил-козден, жаман ниетти адамдардан сактасын. Осындай бииктерден коринип биздин туымызды желбиретип жур. Биз сени мактан тутамыз. Алла жар болсын!!!
  • Гулдаурен
    Димаш, бииктерден корине бер!
  • Сəкен Алимханов
    Жолың болсын досым

Пікір жазу