Аида Кауменова: Сәукелені әлемдік аксессуарға айналдырамыз
Қазақстандық дизайнер Аида Кауменованың брендтті киімдері елімізде ғана емес, басқа да шет елдерден өз орнын табуда. Сұрақ-Жауап сайтының бүгінгі санында fashion-индустрияда қолтаңбасын қалыптастыра білген белгілі дизайнер сән саласындағы маңызды жаңалықтарымен бөлісті.
Бала кезімнен суретті жақсы салатынмын. Әкемнің кеңесімен дизайнерлік жолды таңдадым. Сөйтіп Алматы техникалық университетінінің «инженер-конструктор-модельер» мамандығына оқуға түстім. Сол кездегі білім жүйесінің бір ерекшелігі: мамандығымыздан бөлек, жанама пәндерді де қоса өтетінбіз. Мұнда костюмдер тарихы, олардың композициясы деген тақырыптар орнына жоғарғы математика, материалдар кедергісі, теориялық мехниканы оқуыма тура келді.
Аида КауменоваТехникалық университет болғандықтан да кәсіпорындарды қалай жобалау керек, машина құрастыру тәрізді сабақтарды өтетінбіз. Содан білімімді жетілдіру мақсатында 2002 жылы Италияға барып, Carlo Во сән мектебіне оқуға түстім. Мұнда мен өз мамандығыма өзгеше көзқараспен қарай бастадым. Алматы техникалық университетінде маман болуды үйренсем, Италияда fashion-индустрияның бизнес екендігін түсіндім. Кез келген бизнестегідей сән әлемінде де кәсіби заңдылықтар жүзеге асады.
Аида КауменоваБірнеше жыл бойы тәжірибемді шыңдағаннан кейін, pret-a-porter de lux топтамаларын жасайтын Aida KaumeNOVA сән үйін аштым. Қазіргі уақытта дүкендеріміз Астана, Алматы қалаларынан бөлек, Ақтау, Атырау қалаларынан бой көтеруде. Жақын арада Шымкент қаласынан да ашу жоспарымызда бар. Үлкен командамен жұмыс істеймін.
Aida KaumeNOVA сән үйі ұсынған топтама. АрхивӨнімдеріміз төл, фирмалық детальдарымен ерекшеленеді. Еуропалық брендтермен иық теңестіре алуының себебі де осы деп білемін. Менің декоратор қыздарым осындай әдемі туындыларды өздері жасайды. Ал өзім оларға идея беріп, шабыттандырып, шеберліктерін шыңдауға жәрдемдесіп отырамын.
Aida KaumeNOVA сән үйі ұсынған топтама. АрхивЖақында Астана және Алматы қалаларында Kazakhstan Fashion Week SS 2017 сән апталығы өтті. Бұл сән апталығына 10 жылдан бері қатысып келеміз. Осы жылғы тақырыбыз қуыршақ болды. Қымбат, ерекше фарфор қуыршақ. Әр әйел – қайталанбас тұлға. Біз оларды Құдай жаратқан әдемі қуыршаққа баладық.
KFW 2013-2014. Aida KaumeNOVA сән үйі ұсынған топтамаДәл осы жылы cәнді аксессуар ретінде бас киімге сәукелені таңдадық. Бұған дейін түрлі қалпақтар, тюрбан, орамалдар трендте болып келген еді. Ал енді сәукелені әлемге әйгілі сәнді аксессуарға айналдырғымыз келеді.
Aida KaumeNOVA сән үйі ұсынған топтама. АрхивДәл біздің өнімдердің сапасына сай европалық киімдерді бағасы бойынша салыстыратын болсаңыз, 4-5 есе қымбат екендігін байқайсыз. Әрине, оларда да біз көрсеткендей бағалар да болып жатады. Дегенмен, сапа тұрғысынан сай емес екендігін аңғарасыз. Мен әуелден қазақ қызына лайық киім шығаруды мақсат еттім. Сондықтан да әр өнімімізді лакшри ретінде ұсынамыз.
Aida KaumeNOVA сән үйі ұсынған топтама. АрхивОсы уақытқа дейін көптеген елдермен байланыс орнатып, қазақ сән индустриясын әлемге таныту жолында еңбек етіп келеміз. Төл туындыларымызға маталарды Италия, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Ресей, Белоруссия, Қытай, Кореядан алдыртамыз. Мысалы, матаның әр түрінен 300-500 метрден тапсырыс береміз.